Ашық сабақтар

                                            Тексерді:____________ Сабырова Г.К   Алиманов А.Ж 

        Математика пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні: 15.11.2019 ж

Сынып: 4 «А»

Мектеп: Өлеңті орта мектебі

Мұғалімі: Алданыш Айнагуль

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Бөліндінің мәнінде нөлдер болатындай көптаңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша бөлу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.2.13**бөлінді мәнінде нөлдер болатын жағдайда көптаңбалы санды екі таңбалы / үш таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану

Сабақтың мақсаттары

Көбейтіндіге бөлу тәсілдерін меңгерту, екі таңбалы санға көбейту мен бөлу. Нөлмен аяқталған сандарға бөлуді үйрету.

Жетістік критерийлері

 Барлық оқушылар:

-көптаңбалы сандарды екі таңбалы сандарға бөлудегі алгоритмді түсінеді және қолдана алады.

Оқушылардың көпшілігі:

-жазбаша түрде нөлдер болатын жағдайда көптаңбалы сандарды екі таңбалы сандарға бөлу алгоритмін шығара алады.

Кейбір оқушылар:

-нөлмен аяқталатын көптаңбалы санды  жазбаша көбейту мен бөлудің алгоритмін құрастыра алады.

Тілдік  мақсаттар

Оқушылар: -бөліндінің мәнінде нөлдер болатын жағдайда көптаңбалы санды екі таңбалы санға бөлуді ескере отырып, кері амалдар қолданып, көбейту арқылы тексереді.

Пəндік лексика жəне терминология:

Көбейту мен бөлу амалдарының компоненттерінің атауы, алгоритм, тексеру тәсілі.

Диалогке/ жазуға қажетті пайдалы  фразалар топтамасы.

Талқылау:

Бөліндідегі сандардың санын  қалай анықтауға болады?

Бөліндідегі сандардың санын білу несімен ыңғайлы?

Жазу: жазбаша түрде көбейту және бөлу.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Физика,дүниетану пәндері

Алдыңғы білім

Жазбаша түрде көбейту және бөлу алгоритмі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Психологиялық ахуал туғызу.

Бүгінгі күн терезеден

Бізге күліп тұр қарап.

Сондай жақсы көңіл күймен

Басталады бұл сабақ.

Топқа бөліну:

1) Бірліктер класы

2) Жүздіктер класы

3) Мыңдар класы

4)  Миллиондар класы

Үй тапсырмасын тексеру: 38 бетте №11 есеп шығару. Дәптерді жинап алу

Серпілген сауал  әдісі арқылы сұрақтар қою

Сұрақтарға жауап алу.

-Нөлмен аяқталатын сандарды қалай көбейтеміз?

(оларды нөлге көңіл аудармай көбейтеміз.Алынған көбейтіндінің мәнінде екі көбейткіште қанша нөл болса, сонша нөлдерді тіркеп жазамыз.)

2.Көптаңбалы сандар қалай оқылады? (соңынан бастап үш – үштен топтап, кластарға бөлеміз. Екінші кластың атауын қосып оқимыз)

3. Миллионға дейінгі сандарды неше класқа бөлеміз? (2)

атаулары? ( мыңдар класы, бірліктер класы)

әр класта неше разряд бар? ( 3 )

 

Шаттық шеңбері

 

 

 

 

Топқа бөлу, сандар бойынша

 

 

 

 

 

 

Бетке сұрақ дайындау.

Сабақтың ортасы

8 минут

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

Өткен тақырыпты меңгере отырып жаңа тақырыптқа қадам басу үшін Оқушылар екі таңбалы санға бөлу алгоритмін пайдалана отырып, есептеуді түсіндіреді.

(Ұ)Топтық жұмыс

Әрі қарай оқушылар 3-тапсырмадағы мысалдардың орындалу және тексеру тәсілін түсіндіре отырып есептеп топтар өзара бағалайды,есепті топта нақты шығарады .

9 684 : 12 = 807

4 784 : 23 = 208

94 770 : 45 = 2 106

95 883 : 31 = 3 093

 

 

Дескриптор:

-жазбаша түрде нөлдер болатын жағдайда көптаңбалы сандарды екі таңбалы сандарға бөлу алгоритмін шығара алады.

-көптаңбалы санды  нөлмен аяқталатын екі таңбалы санға  бөлуге берілген тапсырманы орындай алады.

Жұптық жұмыс

№4 тапсырма. Өздері білетін екі таңбалы санға бөлу алгоритмін қолдана отырып, оқушылар мәнінде нөлдер болатын жағдайда екі таңбалы санға бөлу алгоритмін дауыстап айта отырып, тексеру жүргізеді.

5-тапсырманы жұп болып орындау үшін ұсынады.

 

45 150 : 14 = 3 225

921 570 : 51 = 18 070

175 440 : 43 = 4 080

98

 750 : 50 = 19 735

740 160 : 36 = 20 560

888 860 : 98 = 9 070

813 400 : 28 = 29 050

526 350 : 30 = 17 545

Дәптерде орындалатын өзіндік жұмыс

Оқушылар тапсырманы орындамай тұрып, бағалау критерийін құрастырады:

  • Бөліндінің мәнінде нөлдер болатын жағдайда екі таңбалы сандарға бөлуді біледі;   
  • Есептеу кезінде осы алгоритмдерді қолдана алады.

Мен:   Бөліндінің мәнінде нөлдер болатын көптаңбалы сандарды екі таңбалы санға бөлу алгоритмін қолдана аламын;

-Тексере аламын.

Критерий бойынша өзін-өзі бағалау.

Шешу алгоритмін құрастыр.

 

оқулықпен жұмыс

 

 

 

Сергіту сәті

1 минут

Композитор Шәмші Қалдаяқов әні «Менің Қазақстаным»      

 

Сергіту сәті

Аяқталуы

10 мину

Өткен материалмен жұмыс.

№ 7 тапсырма. өрнектердің мәнін тап

Үй тапсырмасына беріліп отырған

№11 тапсырма жаңа сабақты бекітуге арналған.

73 980 : 36 = 2 055

68 880 : 21 = 3 280

107 940 : 35 = 3 084

195 760 : 80 = 2 447

908 820 : 18 = 50 490

247 230 : 41 = 6 030

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

Берілген стикерлер арқылы сабақты бағалау жетістік баспалдағы арқылы

 

Стикерлер арқылы