«21 ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ» атты сыныптан тыс іс-шара
Мектеп: «Өлеңті ауылының ЖОББМ»КММ
Өткізген : Охан М.-математика пәні мұғалімі
Сабырова Г.К.-география пәні мұғалімі
Мукашев Н.А.-биология пәні мұғалмі
«21 ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ»
10-сынып оқушыларына арналған интеллектуалдық сайыс сценарийі
Пәндер: география, биология, физика,математика,
Мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша білімін тереңдету, логикалық ойлауын, жылдам шешім қабылдау қабілетін дамыту, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру.
I. ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз білім мен тапқырлықты, жылдамдық пен логиканы талап ететін «21 ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысқа жиналдық. Бұл сайыс – ХХІ ғасырдың білімді, жан-жақты, көшбасшы жастарын анықтауға арналған.
Сайысымызға 10-сынып оқушыларынан құралған (8) қатысушы қатысады.
II. САЙЫС КЕЗЕҢДЕРІ
«Таныстыру»
Шарт: Әр қатысушы өзін таныстырады (аты-жөні, қызығушылығы, болашақ мамандығы).
Уақыты: 1 минут
1-кезең. «Жорға» (ең аз ұпай жинаған 2оқушы шығады)
Шарт: Әр пәннен жылдам жауап беруге арналған сұрақтар. Әр дұрыс жауап – 1 балл.
География:
1. Жердің ең үлкен материгі? (Еуразия)
2. Әлемдегі ең ұзын өзен? (Ніл)
3.География ғылымының атасы (Эратосфен)
4.Аустарлияның эндемик жануары (кенгуру)
Биология:
1. Адам ағзасындағы ең үлкен мүше? (Тері)
2. Фотосинтез қай органоидта жүреді? (Хлоропласт)
3.Сүтті тері бездері арқылы бөлетін жануар (ұйректұмсық)
4.Неліктен фотосинтез жасамайды (Күн сәулесі жоқ)
Физика:
1. Жарық жылдамдығының шамасы? (≈300 000 км/с)
2. Күштің өлшем бірлігі? (Ньютон)
3.Қысымды өлшейтін құрал (барометр)
4.Галиллей тәжірибе жасаған мұнара (Пиза мұнарасы)
Математика:
1. Пифагор теоремасын айтыңыз.
2. Шеңбер ұзындығының формуласы? (2πR)
3.Үш факториал нешеге тең? (6)
4.Сүйір бұрыштың мәні (90 градустан кіші)
2-кезең. «Бәйге» . «Mugalim.tech»платформасында жасалған тапсырмалар. 6оқушы қатысады « иә», «жоқ»)
1-оқушы
- ДНҚ молекуласында тимин аденинмен жұптаса ма?иә
- Ньютонның екінші заңы күш пен үдеудің арасындағы байланысты сипаттай ма?иә
- Экваторлық аймақта жыл мезгілдері айқын байқала ма?жоқ
- Квадраттық теңдеудің дискриминанты теріс болуы мүмкін бе?иә
- Фотосинтез процесі тек жарықта ғана жүре ме?жоқ
- Атмосфералық қысым биіктік артқан сайын азая ма?иә
- Векторлық шамалардың бағыты да, шамасы да бола ма?иә
- Параллель түзулер ешқашан қиылыспай ма?.иә
2-оқушы
- ДНҚ-да гуанин цитозинмен жұптаса ма? — Иә
- Ньютонның үшінші заңы әрекет пен қарсы әрекетті сипаттай ма? — Иә
- Меридиандар экваторға параллель ме? — Жоқ
- Квадрат түбірдің мәні теріс сан болуы мүмкін бе? — Жоқ
- Фотосинтез кезінде оттек бөлінеді ме? — Иә
- Атмосфера құрамында азот ең көп газ ба? — Иә
- Векторлық шаманы бір ғана санмен сипаттауға бола ма? — Жоқ
- Пифагор теоремасы тікбұрышты үшбұрышқа қолданыла ма? — Иә
3-оқушы
- Адамның соматикалық жасушаларында 46 хромосома бар ма? — Иә
- Еркін түсу үдеуі барлық дене үшін бірдей ме (ауаны елемесек)? — Иә
- Антарктидада тұрақты тұрғындар бар ма? — Жоқ
- Арифметикалық прогрессияның айырмасы теріс болуы мүмкін бе? — Иә
- Ферменттер биологиялық катализаторлар ма? — Иә
- Атмосфераның ең төменгі қабаты тропосфера ма? — Иә
- Скалярлық шаманың бағыты болады ма? — Жоқ
- Шеңбердің диаметрі радиустан екі есе үлкен бе? — Иә
4-оқушы
- РНҚ құрамында тимин болады ма? — Жоқ
- Импульс дененің массасы мен жылдамдығына тәуелді ме? — Иә
- Барлық материктер бір жарты шарда орналасқан ба? — Жоқ
- Функцияның мәндер жиыны шексіз болуы мүмкін бе? — Иә
- Митоз нәтижесінде екі бірдей жасуша түзіле ме? — Иә
- Циклон кезінде ауа қысымы жоғары бола ма? — Жоқ
- Векторларды қосу параллелограмм ережесімен орындала ма? — Иә
- Трапецияның кемінде бір жұп параллель қабырғасы бар ма? — Иә
5-оқушы
- Ген — тұқым қуалаушылықтың негізгі бірлігі ме? — Иә
- Жұмыс күш пен орын ауыстыруға тәуелді ме? — Иә
- Географиялық ендік экватордан есептеле ме? — Иә
- Квадрат функцияның графигі парабола ма? — Иә
- Барлық мутациялар зиянды ма? — Жоқ
- Пассат желдері экваторға қарай соға ма? — Иә
- Үдеу жылдамдық өзгермесе нөлге тең бола ма? — Иә
- Дұрыс алтыбұрыштың барлық қабырғалары тең бе? — Иә
6-оқушы
- ДНҚ репликациясы жасуша бөлінер алдында жүреді ме? — Иә
- Кинетикалық энергия дененің қозғалысына байланысты ма? — Иә
- Климат көпжылдық ауа райы режимі ме? — Иә
- Логарифмнің негізі 1-ге тең бола ала ма? — Жоқ
- Адамда жыныс жасушалары мейоз арқылы түзіле ме? — Иә
- Атмосфералық фронт әртүрлі ауа массаларының шекарасы ма? — Иә
- Вектордың проекциясы теріс болуы мүмкін бе? — Иә
- Үшбұрыш бұрыштарының қосындысы 180°-қа тең бе? — Иә
3-кезең. «Дода» ұяшықтар «Mugalim.tech»платформасында жасалған тапсырмалар. 4оқушы қатысады
Шарт: Қатысушы бір пәнді таңдап, күрделірек сұраққа жауап береді.
4-кезең. «Мәре» «Арқанға өрмелеу» «Mugalim.tech»платформасында жасалған тапсырмалар. 2 оқушы қатысады.
Шарты: ақтық кезеңге шыққан 2 оқушы кезекпен сұрақ жауаптырының дұрыс нұсқасын басып отырады. Дұрыс жауап берген сайын арқан бойы жоғарылай береді. Кім бірінші болса, жеңімпаз
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізуші:
Білімді мыңды, білекті бірді жығар демекші, бүгінгі сайыста өз білімін дәлелдеген оқушыларды құттықтаймыз!
Марапаттау:
«21 ғасыр көшбасшысы» жеңімпаз, жақсы нәтиже үшін дипломдар
Баршаңызға қатысқандарыңыз үшін рахмет! Білім биігінен көріне беріңіздер!