Физика және химия пәндерінен кіріктірілген сабақ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Физика және химия пәндерінен кіріктірілген сабақ

Білім беру ұйымының атауы

Өлеңті ауылының ЖОББ мектебі КММ-і

Бөлімі:

11.3.С  Атомдық және кванттық физика

Педагогтің аты-жөні:

Жаниева Г.Т., Худайбергенова М.Ш.

Күні:

17.02.2023ж.

Сыныбы: 11«А»

Қатысушылар саны: 11оқушы                  Қатыспағандар саны:-

Сабақтың тақырыбы:

Жарық қысымы. Жарықтың химиялық әсері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.8.1.7 - жарықтың кванттық теориясы негізінде жарық қысымының табиғатын түсіндіру

11.8.1.8 - фотосинтез және фотография үдерісін мысалға келтіре отырып, жарықтың химиялық әсерін сипаттау

Сабақтың мақсаты:

-жарық қысымы кванттық теория тұрғысынан сипаттайды;

-Лебедев тәжірибесінің мәнін түсінеді;

-жарықтың химиялық әрекетін біледі;

Сабақтың барысы:

сабақ кезеңі/уақыты

педагогтің іс-әрекеті

оқушының іс-әрекеті

бағалау

ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.

 

 

Өткенге шолу

3 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.

Сабақ эпиграфы – М.Мақатаевтың сөзі «Жаса сен мәңгі!
Жаса сен мәңгі!
Жарықкүн!
»

Өткен сабақта «Фотоэффект. Фотоэффектінің қолданылуы. Фотондар» тақырыбын өттік. Осы тақырыпқа шығармашылық жұмыс тапсырылды, яғни фотондар туралы  әнгіме немесе өлең жазып келу.

 

Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында физикалық диктант жүргізу

 

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары тыңдалады.

Оқушылар жазбашасұрақтарға жауап береді, өткен сабақта өтілген материалды еске түсіріп, физикалық диктант орындайды.

Мұғалім диктанттың жауаптарың слайдка шығарады, оқушылар бір бірің тексеріп, баллдарын қояды . Нәтиже бойынша мұғалім оқушыларға кері байланыс береді

Дескриптор:

 

8-10 жауап -

4  б.

5-7 жауап –

 3  б.

1-5 жауап - 

2  б.

 

 

 

Интерактивтік тақта, презентация,

11 сынып оқулығы ,

диктант парақтары

Сабақтың ортасы

 

 

 

2 мин.

 

 

10 мин.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Жарықтың қысымы. Жарықтың химиялық әсері».

Сабақта П.Н.Лебедев деген  ғалым ашқан жаңалық туралы айтылады. Алдымен осы  ғалымның өміріне тоқталайық.

 

Жаңа материалды игеру үшін оқушыларға:

 жарық қысымын кванттық теория тұрғысынан

презентация ұсынылады. Қысқаша таныстырылым өтеді.

Мұғалім таныстырылымнан кейін  кері байланыс жасайды.

1873 жыл Максвелл жарықтың электромагниттік табиғаты тұрғысынан мынадай қорытындыға келді: Бөгеттерге жарық қысым түсіруі керек.

Максвелдің болжамын эксперименталды тұрғыдан  Лебедев дәлелдеді. 1900 ж ол сезімтал айналмалы таразыны қолданып жарықтың қатты денелерге түсіретін қысымын анықтады. Қысым өте аз болып шықты ≈4*10-6Па.

Соған қарамастан жарықтың қысымы физиканың дамуы үшін өте үлкен роль атқарды.

 

 

Оқушы алдын-ала дайындап келген П.Н.Лебедев туралы  және ашқан жаңалық туралы ақпаратты ұсынады

 

 

Әр оқушы жарық бөлшегінің қасиетіне байланысты таныстырылым жасайды

 Дескриптор:

-жарық қысымының қалай пайда болатынынбіледі.

 -ғалымдардың тәжірибесінен мысалдар келтіреді

-жарық қысымын толқындық және кванттық теория тұрғысынан сипаттайды

 

Интерактивтік тақта,

презентация ,

оқулық, жұмыс дәптерлері

 

Жеке жұмыс

«Кім жүйрік» әдісі

6 мин.

 

Тапсырма - «Кім жүйрік» әдісі - жарық қысымы формуласын қолданып есептер шығару.

(33 жаттығу)

 

Оқушылар жарық қысымына байланысты тақтада есептер шығарады

 

Дескриптор

-өлшем бірлікті ХБЖ-не келтіреді;

-есеп шығару кезінде формуланы тиімді пайдаланады

Жалпы балл -2

Презентация,

11-сынып оқулығы.

 

 

 

 

 

«Жұптық жұмыс»

4 мин.

Жарықтың химиялық әсері.

Слайд арқылы оқушыларға  фотосинтез туралы мәлімет беріледі.

Тапсырма-«Формула жазу»

 

Оқушылар берілген қағаз қиындыларынан фотосинтездің химиялық формуласын құрастырады

Дұрыс жауап үшін- 1 балл

 

 

 

 

 

Қағаз қиындылары

 

 

«Топтық жұмыс»

6 мин.

Тапсырма-«Жарық» әдісі

Оқушылар фотосурет және адам денесінің күнге күюі туралы мәліметтермен таныстырылады.

 

Ұялы телефондарының жарығы көмегімен ақ парақта жасырынған формуланы табады және атайды

Әр дұрыс жауап үшін-

 1 балл

Жалпы – 2 балл

Формула жасырынған ақ парақтар

Жеке жұмыс

4 мин.

Оқушыларға жарық қысымы тақырыбында сабақты қорытындылауға кесте тапсырмасы беріледі.

 

 

 

Жарық қысымының табиғатына байланысты кестені жеке толтырады.

Дескриптор:

-жарықтың дуализм қасиетін ажыратып сипаттайды

Жалпы балл-2

Презентация,

11-сынып оқулығы,

кесте «семантикалық карта»

Сабақтың соңы.

 

Бағалау,

рефлексия

3 мин.

Бағалау

Рефлексия:сабақ соңында оқушылар сабақ бойы жасаған жұмыстары бойынша рефлексия жүргізеді. Өздерінің деңгейлерін арттыру үшін не істеу керектігін жазады.

 

 

 

 

 

Үйге тапсырма:  §33;

33 жаттығу (3 есеп )

 

мен үшін оңай болды...

мен үшін қиын болды...

немен жұмысты жалғастыру керек...

(-формула жаттау

-формуланы есте сақтау

-есеп шығару

-формула жазу

-сұрақтарға жауап беру

-теорияны меңгеру)

Бағалау парағы бойынша оқушылардың жинаған баллдары айтылады

Бағалау парағы,

рефлексия парағы